KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

null Ақтоғай мен Бозшакөл: «оқшаулау» режимі

08.04.2020

Қарау саны: 474340

Қазақстанда коронавирусқа байланысты енгізілген ТЖ режимі және адамдардың қозғалысын шектеу шаралары әдеттегі жұмыс кестесіне айтарлықтай өзгертті. KAZ Minerals Тобының кеңсе қызметкерлері "қашықтықтан" жұмыс істеуге көшті, Шығыс өңірдің өндірушілері арнайы рұқсатнамалар арқылы және тізімдерге сәйкес жұмыс орындарына дейін жетеді. Ал вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарда басқаша әрекет етуге тура келді.

Ел аумағында жолаушылар пойыздары мен ұшақтардың қозғалысын тоқтату, қалаларда карантин енгізу және басқа да шектеулерді енгізу жағдайында KAZ Minerals Ақтоғай мен Бозшакөл қызметкерлерін вахтада қалдыру туралы шешім қабылдады. Жобаға қатынау жабылды. Қазір оқшауланған кәсіпорындарда не болып жатыр? Бұл сұраққа басшылар мен түрлі департаменттердегі әріптестерден жауап беруді сұрадық. Екі кен орынның аумағына кіріп-шығуға шектеулер 22 наурызда енгізілді. Компания қызметкерлерінің тыныс-тіршілігі мен кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін маңызды тауарлар мен қызметтерді, яғни, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, техника мен жабдықтарға арналған жинақтаушыларды әкелетін, дайын өнімдерді, қалдықтарды шығаратын бірқатар мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен көліктеріне жеңілдік берілді. 

"Кіретін адамдар орталық бақылау-өткізу пунктінде кезекші фельдшерде тепловизордың міндетті тексеруінен өтеді, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұдан әрі жобаның аумағында күзетшілермен бірге ғана жүрдеі. Бұл басқа адамдармен қарым-қатынасты барынша азайтады. Қызметкерлер мен мердігерлердің шұғыл шығуына компанияның бас директоры тікелей рұқсат береді", – деп түсіндірді Бозшакөл қауіпсіздік қызметінің бастығы Алексей Буслов.

"Қазір Бозшакөлде 851 адам жұмыс істейді. Біз барлық қызметкерлерге түсінгендері, қолдағандары және командалық жұмыстары үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ортақ жұмысымыздың үйлесімділігіне тек өндіріс қана емес, біздің отбасыларымыздың жағдайы да байланысты. Өз тарапымыздан біз осы күрделі кезеңді қауіпсіз өту үшін қажетті жағдай жасауға тырысамыз", – дейді Бозшакөл жобасының директоры Сергей Леу.

Ақтоғайда қызметкерлермен жұмыс басқармасы тікелей басшылармен бірлесіп, үздіксіз өндірісте жұмыс істейтін вахтада қалған қызметкерлер үшін ауысым кестелерін қайта қарады. "ҚР заңнамасын, яғни, ауысым арасындағы мерзімнен тыс сағаттарды арттыруға қатысты талаптарын бұзбау үшін ауысым арасында 24 сағат демалуды сақтау мақсатында бірқалыпты өтпелі кезең ұсынылды. Қызметкерлерді жұмыста қалдыру үшін ТЖ кезіндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу қайта қаралды. Барлық қабылданған шешімдер туралы ақпарат қызметкерлерге жеткізіледі. Мен осы қиын сәтте өндірісті қолдау үшін бізбен бірге қалған әрбір адамға ризамын", – дейді Ақтоғай жобасының бас директоры Филип Уэлтен.
Бозшакөл кенішінің директоры Дуглас Чапман түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігі үшін техникалық үзіліс уақыты ұлғайғанын атап өтті. "Қазіргі уақытта ол 25 минутты құрайды. Адамдар аман-есен болуы үшін және қатарынан бірнеше вахта жұмыс істей алу үшін біз 24 сағат аралық демалысы бар вахталық ауысымды ұйымдастырдық", – деп атап өтті Дуглас Чапман.

"Бозшакөлде үй-жайларды санитарлық өңдеу жұмыстары ұйымдастырылды, - деп түсіндірді еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастығы Талайбек Джусупов - Сағат сайын баспалдақ таяныштарын, есік тұтқаларын, үстелдерді және басқа да беттерді дезинфекциялау жүргізіледі, компанияның әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларын ылғалды жинау тазалау кестесіне сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.

Адамдар көп жүретін учаскелерде қосымша бактерицидті шамдар мен дозаторлар (құрамында спирт бар антисептиктер үшін) орнатылды. Орталық қоймада қолды дезинфекциялау үшін 750 литр сұйықтық, ондаған мың респираторлар қоры бар. Қағаз сүлгілердің, жуу және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтамасыз етілген".
Екі кәсіпорындағы да International SOS емханаларында жағдайды күшейтілген бақылауда ұстайтындарын айтты: кәсіпорындар аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қолайлы, алаңдауға себеп жоқ. International SOS қызметкерлері Қазақстан Республикасының бекітілген "Медициналық көмек көрсету ережесіне", сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес COVID-19 жұқтырудың алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Емханалар жеткілікті мөлшерде қорғаныс құралдарымен және медициналық препараттармен қамтамасыз етілген және толықтай дайын.

Қызметкерлердің қолайлы психоэмоционалдық жағдайын сақтау үшін психологтар тәулік бойы, тіпті ұялы телефон арқылы қолдау көрсетуге дайын. Олармен шаршау, стресс және үрей, отбасы мен жақындардан ұзақ уақытқа қол үзу және басқа өзекті тақырыптарға сөйлесуге болады. 

Бозшакөлдің қызметкерлермен жұмыс басқармасы күн сайын ондаған телефон қоңыраулары мен өтініштерді қабылдайды. Негізгі сұрақтар: жұмыс әрі қарай қалай ұйымдастырылады, төлем қалай жүргізіледі, вахтаның ауысуы бола ма? "Бізде қызметкерлер вахтадан шығып, үйге кетуге шешім қабылдаған жағдайлар болды. Компания басшылығы мұндайға түсіністікпен қарайды. Кен орынына кіру мүмкіндігі жабылғанға дейін шұғыл түрде басқа вахталардан қызметкерлер шақырылды", – дейді Бозшакөлдің HR басшысы Динара Дәуренбекова. 

Екі сайттың HR-қызметтеріне түсетін көптеген өтініштер банктер мен несие ұйымдарына жұмыс орынынан анықтама тапсыруға қатысты. Бұл вахта аралық қосымша демалыста қалғандар үшін ерекше өзекті болып отыр. Динара Дәуренбекова қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма еңбек демалысы, еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшері және еңбек қызметіне байланысты басқа да мәселелер бойынша кез-келген қажетті анықтамалар мен ақпаратты беруге дайын екенін растады.

Екі жобаның ұжымдары жалпы жағдайға түсіністікпен қарап отыр. Бозшакөл кен байыту фабрикасының жүк тиегішінің жүргізушісі Константин Луцык өз вахтасында қалыпты жұмыс істеді, ал қазір овертайм режимінде жүр. "Компанияның ішкі ережелерін, сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын сақтаймыз. Бірнеше вахта қатарынан жұмыс жасау оңай емес, біз бұл уақытша екенін түсінеміз. Үйде бәрі жақсы, бәрі аман-есен. Туған-туыстарымыз да түсіністікпен қарайды", - деп атап өтті Константин.

Ақтоғайдың ЕҚ және ҚТ жөніндегі үйлестіруші Данияр Нұркеев 2 наурыздан бастап вахтада. Кесте бойынша ол үйге 23 наурызда кетуі керек еді. Бірақ қалып «демалыс күндері жұмыс» кестесіне кірісті. Себебі, ол  кадр тапшылығы өндіріске әсер ететінін түсінді. "Негізінде біз бұрынғыдай жұмыс істеп жүрміз. Қолдау көрсеткені үшін басшылыққа алғыс айтқым келеді. Барлық қызметкерлерге маскалар мен қолғаптар берілді, барлық ғимараттарда қолдарға арналған дезинфекциялық құралы бар диспенсерлер орнатылды. Қазір ЕҚ және ҚТ басқармасының жұмысы сыртқы факторларға қарамастан қауіпсіз және өнімді жұмысты қамтамасыз ету үшін Ақтоғай КБК-нің өндірістік бөлімшелеріне жан-жақты қолдау көрсетуге шоғырланған. Шаршауды басқару және стресстік жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Тұрақты негізде "әлеуметтік қашықтық" тәжірибесін қолдау, жеке гигиена мәселелерін түсіндіру және вирустық инфекциялардың таралуының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі", - дей келе, Данияр күн сайын отбасымен хабарласып отыратынын айтты.

Айтпақшы, дәл осы күндері Даниярдың қызы дүниеге келді. Kazminerals.info редакциясы әріптесімізді шын жүректен құттықтайды!

KAZ Minerals Тобы ел мен әлемдегі коронавирус ахуалын қадағалауды жалғастыруда және осыған орай өзінің өз іс-қимылдарын жоспарлап отыр. Қызметкерлерді хабардар ету жергілікті жерлердегі тікелей басшылар арқылы, сондай-ақ, компанияның атынан электрондық пошта және whatsapp-хабарламалар арқылы жүргізіледі.
"KAZ Minerals Inform" (+ 7 702 333 8 222) whatsapp-нөміріне жазылып, хабардар адамдардың қатарында болыңыз! Ол үшін нөмірді телефонға сақтау (әйтпесе таныс емес нөмірден хабар ала алмайсыз), біздің нөмірге өз кәсіпорыныңыздың атауын мен ақпарат алуға қолайлы тілді көрсетіп, хабарлама жолдау жеткілікті.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.11.20 05:48

Здраствуйте я тоже отправлял руземе , только вот ...

09.10.20 17:32

как подать резюме конкретно в отдел кадров Бозшако...

22.09.20 06:41

Здравствуйте, на каждом предприятии должно быть св...

20.09.20 12:06

Добрый день! Кому и каким образом возможно подать ...

Показаны 5 из 31 элементов