KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

null Батырлық пен ерліктің үлгісі

04.05.2016

Қарау саны: 1425

«Менің арғы атам Нұрпейісов Сарбас – Ұлы Отан Соғысының ардагері. 106 кавалерлік дивизиясы, 367 кавалерлік полкі, минометтік батареяның әскери комиссары, аға политрук офицері болған».

Марат Оспанов, инженер-механик,  Ақтоғай КБК

***

Сарбас Нұрпейісов 1898 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әйелі екеуі төрт баланы мәпелеп өсірді. 1920-30 жылдар аралығында мұғалім болып қызмет атқарды. Кейіннен Торғай облысына газет редакциясына ауысты. Сосын оны Қостанайға ВКП (б) Партия мүшесі Қостанай аудандық комитетінің хатшысы болып тағайындады. Соңғы тұрақтаған орны Қостанай қаласы. 

1941 жылы Ленинградтың Жоғары партиялық мектебіне оқуға түседі. «Мыңдықтар қозғалысы» құрамына кіреді. 1941 жылы маусымда Ақмоладағы әскери гарнизонға жөнелтіледі. Аймақтық әскери кеңестің тапсырмасы бойынша 106 кавалерлік дивизиясының 367 Кавалерлік полкінің минометтік батарея әскери комиссары, аға Политрук болып тағайындалады.

Арғы атамның соңғы қызмет орны 106 кавалерлік дивизиясының 367 Кавалерлік полкі. Соғыс жылдарында Сарбастың балалары Украинаның Харьков облысының алдыңғы фронтынан хаттар мен суреттер алып тұрады.

Бірақ біршама уақыт хаттар тоқтайды. Ал 1942 жылы мамырда Нұрпейісов Сарбас хабар-ошарсыз кетті деген хат келеді. Сол 1942 жылы военкоматқа оның әскери заттары (әскери шинель, портупея және офицерлік далалық сөмке) тапсырылады.

Ұзақ жылдар бойы ұрпақтары мен туыстары Нұрпейісов Сарбасты сарыла, үміт үзбей күтеді.

Көп жылдар өткеннен соң ғана немерелері мен шөберелері аталарының 1942 жылы көктемде, құрамына 106 кавалериялық дивизия кірген екі атқыштар дивизиясы мен 6 кавалериялық корпустың шабуылы кезінде Оңтүстік-Батыс фронты аймағында «Харьковтік қазан» деген жерде қоршауға түсіп, қайтыс болғанын біледі. Менің арғы атам ерлікпен қаза тапты. Ол Украинада, Харьковқа жақын жердегі Красноград селосында жерленген. 

Менің арғы атам мен үшін батырлық пен ерліктің үлгісі іспеттес!

Ардагерлер туралы ұлттық мұражайда және Қостанайда жеңіс саябағындағы мемориалды тақтада ол туралы мәліметтер жазылған.

Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығы қарсаңында жоба қатысушылары «Ер есімі ел есінде – Мы помним, мы гордимся» деген кітап шығарып, онда менің арғы атам және өзге де ардагерлер жайлы қызықты мақалалар жарық көрген.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

25.02.21 19:24

Интересно, юристов много в номинации. Другие с АУП...

Жасик Жасик
15.01.21 15:20

Молодцы

08.01.21 17:26

Добрый день отправлял резюме образование высшее го...

Ivanov Vladislav
10.12.20 00:38

Костя, напиши про Надежду Андреевну Иванову и про...

06.12.20 18:18

Как стать стажер 2021 после получения диплома?

Показаны 5 из 38 элементов