KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

null Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс...

04.05.2016

Қарау саны: 1353

"Менің атам Шегіров Әжібек 1911 жылы Бұқтырма ауданы Аюды ауылында дүниеге келген екен".

Шегірова Альмира, «Шығыстүстімет» ЖШС, бухгалтер

***

Менің атам Шегіров Әжібек 1911 жылы Бұқтырма ауданы Аюды ауылында дүниеге келген екен. 1989 жылы науқастан қайтыс болды.

Әжібек ата соғыс басталғанға дейін ауылда тракторшы болып еңбек етіп,  1941 жылы соғысқа аттанады.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Жапонияға қарсы соғысқа қатысып, елге 1946 жылдың күзінде бірақ оралды.

«Отан соғысы» орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» тағы басқа медальдармен марапатталды.

Оқушы кезімізде 23 ақпан, 9 мамыр мерекелерінде атамды мектепке сынып сағаттарына шақырып соғыста болған оқиғаларын тыңдаушы едік. Солардың есте қалғандарымен сіздермен бөлісейін.

Атам 1941 жылғы  тамызда сапқа тұрып, жауға қарсы шабуылға қосылады. Сталинград маңындағы шайқастарға, Калинин, Курск, Белград облыстарын азат ету шайқастарына қатысады. Бірде атамдардың ротасы жаудың шабуылына ұшырап, жанындағы бірге жүрген майдангер ауыр жараланады. Өзінің жараланғанына қарамастан атам сол майдангерді арқасына салып, бірнеше шақырымдар қашықтықта орналасқан госпитальға жеткізіпті. Сол жерден емделіп тірі қалған жауынгер соғысты аяқтап аман-есен еліне оралады. Кейіннен 80 жылдары сол жауынгер бала-шағасымен Минск қаласынан арнайы атама алғыс айту үшін іздеп келген еді.

Тағы бір есте қалған оқиғасы, жау тылынан «тіл» акелгені туралы. Өздеріне берілген тапсырманы орындау барысында атамдар ені бірнеше құлаш терең өзенді жүзіп өтіп, қарсы беттен жаудың офицерін ұстап акеліпті. Ол неміс офицерінің берген мәліметі біздің жауынгерлер шабуылға шыққанда көп көмек бергенін айтып отырушы еді...

Ал атам соғыста жүргенде ауылда қалған апам Күлсара Халелқызы тылда еңбек еткен екен. Таң атысынан кеш батқанға дейін өгізбен жер жыртып, егін салып, шөп шауып майдандағы ерлерге тамақ болсын деп егіннің әрбір дәнін майдан даласына жіберуге тырысқан. Өзі еңбек даласында жүрген апам үйдегі 4-5 жасар екі балаға талғажау болсын деп бір уыс шекілдеуік беріп кетеді екен. Кешке жұмыстан келсе балалары шекілдеуікті шағып дәнін жемей, ыдысқа салып аналарына жинап қояды екен. Ия, баланының балалығын ұрлаған сол сұрапыл соғыс енді қайталанбаса екен деп тілейміз.

Міне бізге Жеңіс сыйлаған аталар мен апаларымыздың ерлігі осындай. Бүгінгі күні арамызда жоқ болса да, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Бізге сыйлаған ашық аспандарында ешқашан бұлт төнбесін деп тілеймін! 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

25.02.21 19:24

Интересно, юристов много в номинации. Другие с АУП...

Жасик Жасик
15.01.21 15:20

Молодцы

08.01.21 17:26

Добрый день отправлял резюме образование высшее го...

Ivanov Vladislav
10.12.20 00:38

Костя, напиши про Надежду Андреевну Иванову и про...

06.12.20 18:18

Как стать стажер 2021 после получения диплома?

Показаны 5 из 38 элементов