KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null KAZ MINERALS ӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА

24.10.2016

Қарау саны: 595

KAZ Minerals Тобы Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығымен (ЭСХО) бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарының ұжымдарына арнап қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі лекциялар желісін бастайды. «Қаржы туралы сауатты» лекциялар барысында тәуелсіз сарапшылар кәсіпорын қызметкерлеріне өз қаржысын қалай тиімді басқаруға және қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқықтарың қалай қорғауға болатындығын айтып береді. Сөйтіп, компания қызметкерлерінің әл-ауқатын ойлап, қаржылық қызметтер саласындағы олардың білімін арттырмақ.

Бұл қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы компания мен ЭСХО-ның алғашқы бірлескен жұмысы емес. KAZ Minerals-тың корпоративтік БАҚ-да жүйелі түрде «Қаржылық сауаттылық» айдарымен мақалалар жарық көріп, оларды дайындауға ЭСХО қызметкерлері жұмылдырылады. Ал 2014 жылы, Топтағы қайта құруға дейін, мұндай лекциялар Қарағанды облысындағы қызметкерлер үшін ұйымдастырылған еді. Кейіннен ЭХСО мамандары бұл тәжірибені Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарындағы мұнай өндіретін компаниялардың қызметкерлерімен өткен кездесулерде сәтті пайдаланды.

ЭСХО зерттеулеріне сәйкес ШҚО респонденттерінің 6% ғана отбасылық табыс пен шығынның жазбаларын жасаса, қалған 94% отбасылық бюджетті кейде ғана жүргізеді немесе мүлдем ақша айналымын тіркемейді екен. «Артық ақша жиі қала ма?» деген сауалға сұралған адамдардың 35% «Өте сирек» деп, ал 3%-дан азы «Үнемі» деген. Әрбір бесінші адам өзінің қаржылық біліміне көңілі толмайтынын айтқан және респонденттердің көпшілігі түрлі қаржылық қызметтер туралы және отбасылық бюджетті оңтайландыру туралы қосымша ақпарат алуға мүдделі екенін жеткізген.

Оқытудың мақсаты – тыңдаушыларға жеке қаржысын басқару саласында негізгі білімдер мен практикалық кеңестер беру. Лекциялар барысында қаржылық нарықтың қызметтері мен өнімдерін саралай білуді, отбасылық бюджетке түсетін қаржылық жүктемені дұрыс есептеуді, тәуекелдерді анықтауды үйретеді. Тәуелсіз сарапшылар несие рәсімдеу барысында неге көңіл аудару керектігін айтады, қаржылық қызметтерді сақтандарудың қыр-сырын үйретеді, KAZ Minerals Тобы қызметкерлерінің нақты мысалдарын талқылайды, даулы жағдайларда не істеу керектігін жеткізеді. Әрбір тыңдаушы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етіледі. Жақын күндері қаржылық сауаттылық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар «Шығыстүстімет» ЖШС-нің үш өндірістік кешенінде кездесулер өткізеді. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.11.20 05:48

Здраствуйте я тоже отправлял руземе , только вот ...

09.10.20 17:32

как подать резюме конкретно в отдел кадров Бозшако...

22.09.20 06:41

Здравствуйте, на каждом предприятии должно быть св...

20.09.20 12:06

Добрый день! Кому и каким образом возможно подать ...

Показаны 5 из 31 элементов