KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ-2

27.07.2016

Қарау саны: 673

one_employee
 

Құрметті әріптестер!

Қыркүйектің соңына қарай, нақты күнін қосымша хабарлаймыз, жыл сайынғы тікелей желі барысында біз тағы да кездесеміз.

Өткен жылы болған сұхбат мен үшін, жалпы компания басшылығы үшін пайдалы болды. Қызметкерлерге де пайдасы мол болды деп сенемін. Біздің құзыретіміздегі барлық мәселелер шешімін тапты. Мен барлықтарыңызға алғашқы тікелей желіге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып, осы жолы да белсенділік танытуға шақырамын.

Мен адал, ашық сұхбатты қолдаймын. Себебі маған біздің өзара түсіністігіміз, ойымыздың бір жерден шығуы маңызды.

Сұрақтарыңызды немесе пікіріңізді бүгіннен бастап жолдай аласыз! Қазақстан бойынша тегін 8 800 080 1767 нөміріне немесе Топ бойынша 11 767 iшкi телефон нөміріне хабарласыңыздар.

Хатыңызды online@kazminerals.com мекенжайына немесе сұрақтарыңызды www.kazminerals.info сайтындағы «Сұрақ-жауап» - «Басшылыққа сұрақ» бөліміне жолдаңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар және менің жауаптарым тікелей эфирде айтылады. Екінші тікелей желі аясындағы сұхбатымыз корпоративтік БАҚ-да – «KAZ Minerals Инфо» газетінде, KAZ Minerals тележаңалықтарында және www.kazminerals.info сайтында жарияланады.

Нақты өткізілу уақыты мен көрсетілім орындары жайлы Корпоративтік  байланыстар департаменті қосымша хабарлайды.

Сұрақтарыңызды жолдаңыздар, біз ашық сұхбатты қолдаймыз!

Құрметпен,

Олег Новачук, KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР