Компания туралы

KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

KAZ Minerals - карьерлік типтегі ауқымды азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компаниялардың бірі. Топтың акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында айналымда.

Топтың операциялық іс-қызметі:

- Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық типтегі кеніші;

- Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай ашық типтегі кеніші;

- Шығыс Қазақстанда орналасқан Артемьев, Орлов, Ертіс кеніштері;

- Шығыс Қазақстан орналасқан Николаев, Орлов, Белоусов кен байыту фабрикалары;

- Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кеніші.

Топ екі негізгі Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты өркендеу жобалары осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды.

Біз мыс өндіруге бағытталған компаниямыз. Дегенмен біздің кеннің құрамында бағалы металдар да бар. Біз айтарлықтай көлемде мырыш, күміс және алтынды ілеспе өнім ретінде өндіреміз. Ілеспе өнімнің құрамы кенішке байланысты өзгеріп отырады.

2017 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 259 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 58 мың тонна концентраттағы мырыш, 179 мың унция алтын мен 3,506 млн. унция күміс өндірілді.

2017 жылдың желтоқсан айында Директорлар кеңесі Ақтоғай КБК-нің өндірісін кеңейту жобасын бекітті. Инвестициялар көлемі - $1,2 млрд. 2021 жылдың соңында екінші фабрикада өндіріс басталғанда сульфидті кенді өңдеу көлемі 50 млн тоннаға дейін жетеді. 

2018 жылдың тамыз айында Топ реттеуші органдардың тиісті рұқсаттарын алса, РФ Чукот автономиялы округындағы Баимская мыс жобасын сатып алу жөніндегі келісім туралы хабарлады. Баимская лицензиялы аумағындағы Песчанка кен орынын игеру 2027 жылдан бастап пайдаланудың алғашқы он жылында жылына 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын өндіруді қамтамасыз етеді деп күтілуде. Пайдалану мерзімі – 25 жыл шамасында.

KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон және Қазақстан қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 13 000 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары.

31.05.2019

Құрбан айт

Демалыс күндер: 31 - 1
5.06.2019

Эколог күні

18.06.2019

Медицина қызметкерінің күні

6.07.2019

Астана күні

Демалыс күндер: 6
15.07.2019

Металлург пен кен байытушы күні

20.08.2019

Спорт күні