Олег Николаевич Новачук Топтағы жұмысын 2001 жылы бастады және 2005 жылдан бастап Қаржы директоры болып жұмыс істеді. 2007 жылы Топтың Бас атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұған дейін «Қазақмыс» ЖШС компаниясында қаржылық жобалар жөніндегі вице-президент, «Қазақмыс» ЖШС президентінің қаржы мәселелері жөніндегі кеңесшісі және «Казпромбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет етті.