KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

МАҚАЛАЛАР

null «2020 жыл KAZ Minerals қызметкерлерінің көзімен» фотоконкурсы

13.10.2020

Қарау саны: 51

KAZ Minerals Тобы қызметкерлер арасында «2020 жыл әріптестердің көзімен» атты фотоконкурс жариялайды.

Конкурсқа кәсіпорындарда немесе Топтың кеңселерінде, сондай-ақ, вахталық қалашықтарда немесе үйде ("қашықтықтан жұмыс") түсірілген фотосуреттер қабылданады. Фотосуреттердің тақырыбы: Жұмыс және оған  байланысты барлық нәрсе.

Қатысу шарттары:
•    фотосуреттердің авторы KAZ Minerals-тың қызметкері немесе оның отбасы мүшесі (егер фотосуретте қызметкердің өзі түсірілсе) болуы тиіс;
•    фотосуреттер 2020 жылғы 1 қаңтар - 30 қараша аралығында түсірілуі тиіс;
•    Міндетті түрдегі түсініктемесін (фотосуретте не/кім бейнеленген / фотода не болып жатыр), сондай-ақ, автордың аты-жөні мен лауазымын көрсете отырып, editor@kazminerals.com поштасына жолдау қажет;
•    фотосуреттер сапалы болуы керек, өлшемі-кем дегенде 1 мб;
•    өтінімдер 2020 жылғы 30 қарашаға дейін қабылданады;
•    бір қатысушы 5 өтінімге дейін бере алады.

Назар аударыңыз! Қатысу шарттарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды.

 

 

0 комментария(-ев)