Компания туралы / Құрмет тақтасы

KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

Отбасымның махаббаты қолдайды

Шахтерлер әулетінің мүшесімін! Менің атам Қалу Мырзаханов шахтер еді. Соғыс жылдарында майданға қанша сұранса да, оны өндірістен босатпады. Ол Күршімнің шахталарында алтын қазған озат үңгуші болған.  Ал мен 17 жыл бойы Орлов шахтасында жұмыс істеп жүрмін. Әдеттегідей жұмысты үңгу учаскесінде оқушы болып бастадым.

Тәлімгерім Бейсен Жамалиев жару жұмыстарының ғылымын үйретті, оның қыр-сырын ашты, оған деген сүйіспеншілікті көрсетті. Қауіпті еңбек те, қиын жолмен тапқан қаржы да – барлығы отбасыларымыз үшін. Біз балаларымызға үлгі болатындай жұмыс істеп, өмір сүреміз. Кезінде әкелеріміз бен аталарымыз солай істеген. Бұның тәрбиелік мәні өте зор. Біз өскелең ұрпаққа аға буынның даңқты еңбегі туралы естеліктерді, оларға деген құрметті жеткізуіміз керек. Бұл отбасының күретамыры.

Ботақандарым мені үнемі жұмысқа шығарып салады және қарсы алады. Мен жұмысқа кеткенде «Құдай сақтасын!» деп жібереді және үйге келгенде қуана алдымнан шығады. Жан жарым, сүйіктім Күлбақыт туралы үнемі ойлап жүремін. Мүмкін осы махаббат пен сүйіспеншілік мен қолдап, шахтердің қиын жұмысында көмектесетін шығар.

Достар, шахтер бауырлар, барлықтарыңызды Шахтер күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңа бақ-береке тілеймін!»

Айдар Маймақов, жарушы

Орлов өндірістік кешені, «Шығыстүстімет» ЖШС

0 2339

Другие статьи

Дәнекерлеушіден үңгушіге

Шахтерлікке дейін мен дәнекерлеуші болып қызмет еттім. Бастапқыда жер бетінде, сосын шахтаның өзінде. Дәнекерлеуші мамандығын үңгушіге ауыстыру идеясын досым айтты. Несін жасырайын, ең басты мақсатым көбірек ақша табу еді. 

1811
Шешілмейтін проблема жоқ

Мен шахтаға кездейсоқ келдім. 2008 жылы құрылыста жұмыс істеп жүргем. Сөйтіп, Перевальное ауылында тұратын туысқандарыма қонаққа келгем. Әңгіме барысында шахта туралы сөз шығып, мен еңбекақы туралы сұрастыра бастадым. Әрбір еркек әйелі мен балаларын...

2028

1540
Әкемнің кеңесі

Садреев Георгий Рашевич. Мені мамандыққа әкелген осы кісі. Әкем – үңгуші. Шынымды айтсам, жастайымда шахтер болам деп ойламаппын. Алайда әкемнің кеңесімен біздің кенішімізге жұмысқа келдім. Әкем мен үшін әрдайым беделі мінсіз адам.

3062
8 күнге татитын 8 жыл

Мен шахтаға келгенге дейін келісімшарт бойынша әскер қатарында болдым. 2008 жылы келісімшарттың мерзімі аяқталып, жұмыс іздей бастадым. Менің сыныптасым шахтер еді.

1976

Қазір талқыланып жатыр

Азат Нуримов

Здравствуйте я бывший работник Актогайского ГОК уволился по собственномужеланию в2018г .хотел бы устроится обратно если это возможно.работал слесарем по ремонту и обслуживанию оборудования на участке по ремонту и обсуживанию самоходного оборудования....

Евгений Совельев

Очень благородный поступок!

Азат Нуримов

здравствуйте я бывший сотрудник компаний,хотел узнать могут ли меня рекомендовать мои бывшие коллеги или начальник, я уволился по собственному желанию?

Наталья Ярных

Молодцы!!!!!

24.09.2019

Еңбек күні

30.09.2019

Әділет органдары қызметкерлерінің күні

1.10.2019

Мұғалім күні

19.10.2019

Құтқарушы күні

15.11.2019

Ұлттық валюта күні

1.12.2019

ҚР Тұңғыш Президенті күні

Демалыс күндер: 1 - 2