Компания туралы / Құрмет тақтасы

KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

Шахтер жарының сыры

Біз үшін Шахтер күні үнемі нағыз отбасылық мереке болып келген. Бұл кәдімгі салтанат. Мен міндетті түрде кең дастарқан жайып, әдемі асжаулық жаямын. Бұл күні үйдегі бар дәмдінің бәрі үстелге қойылады! Олегтің сүйікті тағамы – мантыны да міндетті түрде пісіремін. Біздің шахтер болғанымызға 32 жыл толды.

Басқа шахтерлердің жұбайларына қарағанда мен дайын шахтерді кездестірдім. Біз танысқан уақытта Олегтің жер астындағы жұмыстың 10 жылдық өтілі бар тұғын. Өзім болсам, шахтердің жары деген тағдырымды құрметпен және ілтипатпен қабылдадым. Қорғаным, қамқоршым, асыраушым деп ер адамға көптеген теңеулер айтуға болады. Менің Олегім осының бәріне лайық жан.

Біз көптеген отбасылар сияқты қарапайым шахтерлік отбасымыз. Біз, яғни шахтерлердің жарлары, ерлерімізді жұмысқа шығарып салғанда қаншалықты уайымдайтынымыз, олар жұмыста қалғанда әрбір минуттың ғасырға тең екені туралы ұзақ уақыт айта аламыз.

Әрине,  үлкен тәжірибе мен көп жылғы еңбек өтілі оның кәсіпқойлығының көрінісі.  «Мен оны (шахтаны) естимін» дейді ол. Ал мен болсам, ол жұмыста кідірсе, орын таппай, алаңдаймын. Қанша рет оған білім алып, мансап жолын қууды ұсындым. Олег болса, күлімдеп «мен шахтермін!» деп, өз айтқанынан тайынбайды.

Шахтердің жұмысы әрдайым күрделі де, қауіпті болған. Мен сүйіктімді жұмысқа шығарып салғандағы міндетті салтым бар. Ол кетіп бара жатқанда терезеден ұзақ уақыт қарап, дуғамды оқып тұрамын. Меніңше көптеген шахтерлердің жарларында, менің тағдырластарымда, өздерінің салттары бар.

Светлана Морозова,

Орлов шахтасының бригадирі Олег Морозовтың әйелі (Кенші даңқы орденінің толық кавалері, 2016 ж.)

0 2731

Другие статьи

Мыс тауына жол тапқан майталмандар

Алексей Цой басқаратын тиеу-жеткізу машиналар бригадасының мүшелері шахтада ауа райы рөл ойнамайды дейді. Шынымен-ақ, дала аптап ыстық болсын, нөсерлі жаңбыр болсын немесе шықырлаған аяз болсын бәрбір жер астында қызу жұмыс тоқтамай жүріп жатады. Жұм...

3068
Шахта – тағдырым

Курстарды аяқтаған соң Артемьев кенішіне жұмысқа орналастым. 2009 жылдан бастап мұнда дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Ал 2010 жылы №3 өндіріс учаскесіне шпур бұрғылаушысы болып ауыстым. Шынымды айтсам, бұл уақытта көптеген амалдар болды. Бірақ мен...

3842

1377
Отбасылық ісіміз

Шахта отбасылық ісіміз болғандықтан мен осында келдім – әкем және бауырларым шахтерлер. Басқа амалдарды мүлдем қарастырмадым. Алғаш рет шахтаға үңгуші болып Балқаш қаласында түстім. Сол кездегі жолдасым Мейірліні ерекше ықыласпен еске аламын.

2517
Отбасымның махаббаты қолдайды

Шахтерлер әулетінің мүшесімін! Менің атам Қалу Мырзаханов шахтер еді. Соғыс жылдарында майданға қанша сұранса да, оны өндірістен босатпады. Ол Күршімнің шахталарында алтын қазған озат үңгуші болған.  Ал мен 17 жыл бойы Орлов шахтасында жұмыс іст...

2562

Қазір талқыланып жатыр

Татьяна Маер

Какая прикольная обувка у вас?)))

Татьяна Маер

Впечатления незабываемые! Эмоции только положительные! И самое главное, данное мероприятие мотивирует персонал ориентироваться и жить со всеми пятью ценностями Компании! Безопасность на работе и вне, дабы быть здоровыми и сильными, соблюдать режим и...

Қайрат Әкімбек

Осы жумыска калай орналасуга болады

Қайрат Әкімбек

Кандай мыкты касып орын

16.12.2019

Тәуелсіздік күні

Демалыс күндер: 16 - 17
1.01.2020

Жаңа жыл

Демалыс күндер: 1 - 3
7.01.2020

Рождество

Демалыс күндер: 7
8.03.2020

Халықаралық әйелдер күні

Демалыс күндер: 8 - 9
22.03.2020

Наурыз мейрамы

Демалыс күндер: 21 - 25
12.04.2020

Ғылым қызметкерлерінің күні