Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

26 cәуірдегі металдар нарығы

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы бағасы $5015,5-дан $5000,5-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 147,5 мың тоннадан 152,4 мың тоннаға дейін артты. 

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы 2015 жылдың қараша айындағы орташа бағасы тоннасына - $4818,8, желтоқсан айында - $4629,0, 2016 жылдың қаңтар айында - $4462,7, ақпанда - $4595,4, наурызда $4947,5, ал орта есеппен сәуір айының өткен күніндерінде $4947,5 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннаға $5002,2-дан $4979,1-ға дейін арзандады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннаға $5827,4-дан $5857,1-ға дейін қымбаттады.

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауымен өткен аптадағы мыс қорлары 331,9 мың тоннадан 331,6 мың тоннаға дейін азайды.

Ресми биржадағы мыстың баға белгілеуі 25 сәуірде Лондон мен Нью-Йоркте төмендеп, Шанхайда жоғарылады. Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша  мыс бойынша сауда-саттық негізінен бағаның төмендеуімен аяқталды.

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон металл биржасы (LME) саудасының соңғы күндеріндегі мәліметке қарасақ, төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы $1905,0-дан $1880,0-ға дейін арзандады.

LME жүргізетін мониторингте қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 407,7 мың тоннадан 409,5 мың тоннаға дейін артты.

LME кестесінде 2015 жылдың қараша айында мырышқа орташа баға тоннасына – $1582,2, желтоқсанда – $1522,1, 2016 жылдың қаңтарында  – $1512,2, ақпанда  – $1710,8, наурызда - $1804,6, ал орта есеппен сәуір айының өткен күндерінде $1841,6 құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда, тоннасына $2309,7-дан $2323,3-ға дейін қымбатты.

Шанхай биржасы жүргізетін мониторингте қоймадағы мырыш қоры 268,9 мың тоннадан 267,3 мың тоннаға дейін азайды.

Мырыштың ресми биржалық баға келісімі  25 сәуірде Лондонда төмендеп, Шанхайда жоғарылады. Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарламаларына сүйенсек, соңғы биржа саудалары мырыш бағасы әртүрлі өзгерді.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон спот нарығында алтынға кешкілік фиксинг құны (PMFixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1243,25-дан  $1238,9-ға дейін арзандаса, күміс $17,19-дан $16,76-ға дейін арзандады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1228,7-дан  $1238,9-ға дейін қымбаттаса, күміс $16,89-дан $17,0-ға дейін қымбаттады.

25 сәуірде алтын мен күмістің бағасы Лондонда төмендеп, Нью-Йоркте жоғарылады.

0 2178

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Татьяна Маер

Какая прикольная обувка у вас?)))

Татьяна Маер

Впечатления незабываемые! Эмоции только положительные! И самое главное, данное мероприятие мотивирует персонал ориентироваться и жить со всеми пятью ценностями Компании! Безопасность на работе и вне, дабы быть здоровыми и сильными, соблюдать режим и...

Қайрат Әкімбек

Осы жумыска калай орналасуга болады

Қайрат Әкімбек

Кандай мыкты касып орын

16.12.2019

Тәуелсіздік күні

Демалыс күндер: 16 - 17
1.01.2020

Жаңа жыл

Демалыс күндер: 1 - 3
7.01.2020

Рождество

Демалыс күндер: 7
8.03.2020

Халықаралық әйелдер күні

Демалыс күндер: 8 - 9
22.03.2020

Наурыз мейрамы

Демалыс күндер: 21 - 25
12.04.2020

Ғылым қызметкерлерінің күні