Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

Ақтоғайдың рекордтары

2019 жылдың бірінші жартысында KAZ Minerals Тобы 147,6 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2018 жылдың осындай кезеңімен (139,6 мың тонна) салыстырғанда 6%-ға артық. Кен байыту фабрикаларының техникалық дайындық деңгейінің артуы есебінен екінші тоқсандағы мыс өндірісі 77,6 мың тоннаға (2019 жылғы 1-тоқсан: 70 мың тонна) жетті.

Бірінші жартыжылдықта ШҚО-дағы Ақтоғай КБК-нде 74,1 мың тонна, Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК-нде – 47,1 мың тонна, Шығыс өңір мен Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде – 26,4 мың тонна мыс өндірілді.

Компания 2019 жылға жоспарланған  300 мың тонна мыс көлеміндегі нәтижеге жету жолында келеді.

Ақтоғай

2019 жылдың бірінші жартысында Ақтоғайдағы кен өндіру көлемі 27%-ға артып, 24,2 млн тоннаға (2018 жылдың бірінші жартысы: 19,1 млн тонна) жеткен. Оған себеп – негізгі кен байыту фабрикасына арналған сульфидті кенді қазу көлемі мен Ақтоғайды кеңейту жобасына дайындықтың аясындағы қосымша тау-кен жұмыстары.

Сульфидті кеннен мыс өндіру көлемі бірінші жартыжылдықта 27%-ға артып, 62,3 мың тоннаны (2018 жылдың бірінші жартысы: 49 мың тонна) құрады.  Бұл өсім негізінен кен өңдеу көлемінің 33%-ға артуының арқасында орын алды. Екінші тоқсанда сульфидті кеннен 31,3 мың тонна (2019 жылғы 1 тоқсан: 31 мың тонна) мыс өндірілді. Кендегі мыстың орташа үлесінің жоғары болуы жартылай өздігінен ұсақтайтын диірменнің қаптамасын жоспарлы ауыстырудың кесірінен аз өңделген кеннің орнын толтырды.

Оксидті кеннен катодты мысты өндіру бірінші жарты жылда 11,8 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осындай кезеңімен (11,5 мың тонна)  салыстырғанда 3%-ға артық болды. Екінші тоқсанда өндірілген катодты мыстың көлемі - 6,1 мың тонна (бірінші тоқсан - 5,7 мың тонна). Оған ауа температурасының маусымдық жоғарылауы әсер етті.

Екінші тоқсандағы (37,4 мың тонна) және алғашқы жартыжылдықтағы (74,1 мың тонна) жалпы мыс өндіру көлемі Ақтоғай үшін рекордтық көрсеткіштер. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғандағы 22%-дық өсім бөліп алудың 88,8% деңгейіндегі жоғары көрсеткішіне байланысты. Негізгі кен байыту фабрикасы жарты жыл бойы дерлік есептік көрсеткішінде жұмыс істеп шықты.

Мыс өндірудің 130-140 мың тонна көлеміндегі жоспарлы көрсеткіші сақтаулы. Өйткені жылдың екінші жартысында өндіріс көлеміне жоспарлы техникалық қызмет көрсету әсер ететін болады.

Бозшакөл

Жылдың бірінші жартысында Бозшакөлде 17,5 млн тонна кен өндірілді. Бұл 2018 жылдың алғашқы алты айындағы (15,5 млн тонна)  көрсеткіштен 13%-ға артық. Бұған каолин балшығы бар кендердің қосымша көлемін аршу әсер етті. Кен өңдеудің 13,2 млн тонна көлемі 2018 жылдың бірінші жартысынан (13,4 млн тонна) қарағанда 1%-ға кем. Сульфидті кендерді өңдейтін БФ-ның жоғары өткізу мүмкіндігі каолин балшығы бар кендерді өңдейтін фабриканың технологиялық суды жеткізу және рециркуляция жүйелерін жетілдіру мақсатындағы үш айлық тоқтаудың орнын толтырды. Аталмыш жұмыстар мамыр айында аяқталды.

2019 жылдың алғашқы алты айында кендегі мыстың орташа үлесінің азаюы және жоғарыда аталған каолин балшығы бар кендерді өңдейтін фабриканың өткізу мүмкіндігінің төмендеуі салдарынан мыс өндірісі 5%-ға азайып, 47,1 мың тоннаны (2018 жылдың бірінші жартысы: 49,8 мың тонна) құрады.  Екінші тоқсанда мыс өндірісі - 23,3 мың тонна. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда (2019 жылдың 1-тоқсаны: 23,8 мың тонна) 2%-ға аз. Бұған сульфидті кендерді өңдейтін БФ-ның өздігінен жартылай ұсақтайтын диірменнің қаптамасын жоспарлы түрде ауыстыру әсер етті.

Жыл соңына дейін кендегі металдың үлесі жоғары болып, каолин балшығы бар кендерді өңдейтін БФ-ның тоқтаусыз жұмысы болжанғандықтан Бозшакөлдегі мыс өндірудің жылдық жоспарлы аралығы 105-115 мың тонна деңгейінде қалуы тиіс.

2019 жылдың өткен жарты жылында өңдеу көлемінің және кендегі металл үлесінің азаюы салдарынан алтынның2 өндірісі 4%-ға, яғни, 59,6 мың унцияға дейін (2018 жылдың бірінші жартысы: 62,3 мың унция) төмендеді. Соңғы алты айда алтынның өндірісі, мыстың өндірісімен қатар артып, жыл соңына дейін 130-140 мың унция көлеміндегі жылдық жоспарлы аралыққа жетеді деп жоспарланған.

Бірінші жарты жылдағы күмістің2 өндірісі – 334 мың унция (2018 жылдың бірінші жартысы: 340 мың унция). Жалпы 2019 жылы Бозшакөлде шамамен 700 мың унция күміс өндіру жоспарланған.

Шығыс өңір мен Бозымшақ

2019 жылдың бірінші жартысында Шығыстүстімет пен Бозымшақтың кәсіпорындарында 1,94 млн тонна кен (2018 жылдың бірінші жартысы: 1,95 млн тонна) өндірілді. Дегенмен 2019 жылдың екінші тоқсанында Артемьев шахтасындағы өндірістің артуы арқасында бірінші тоқсанмен салыстырғанда кен өндіру көлемі 5%-ға артты.

Бірінші жартыжылдықта 1,79 млн тонна кен өңделді - өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (1,89 млн тонан) төмен. Бұл Орлов шахтасындағы кен өндірудің азырақ көлемі мен Николаев БФ-ның 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы жоспарлы тоқтауының салдары. Николаев БФ жұмысын сәуір айының басында жандандырып, 514 мың тонна кен өңдеді. Оның ішінде Артемьев шахтасының бірінші тоқсанда жинақталған кені бар.

Алғашқы жарты жылда өндірілген мыстың көлемі 2018 жылдың осындай кезімен салыстырғанда 10%-ға аз - 26,4 мың тонна мыс. Оның 16,9 мың тоннасы екінші тоқсанда өндірілді. Николаев БФ қайта іске қосылғанда өсім пайда  болды. Қазіргі уақытта барлық БФ қалыпты жұмыс істеп тұр, Шығыс өңір мен Бозымшақ  55 мың тонна мыс көлеміндегі жылдық жоспарлы аралыққа жету жолында келеді.

Концентраттағы мырыштың өндірісі 2019 жылдың бірінші жартысында - 18,4 мың тонна. Орлов шахтасы мен Белоусов БФ-ғы күтілгеннен аз үлестің салдарынан бұл 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26%-ға төмен. Николаев БФ-ның жұмысы жанданғаннан кейін екінші тоқсанда өндіріс қалпына келіп, бірінші тоқсанмен салыстырғанда шамамен екі есеге артты (6,2 мыңнан 12,2 мың тоннаға дейін). Бірінші жарты жылдың нәтижесі бойынша Топ концентраттағы мырышты өндірудің жылдық жоспарлы аралығын жаңартты - 40-45 мың тонна.

Өткен жарты жылдағы алтынның өндірісі - 26,4 мың унция (2018 жылдың бірінші жартысы: 27,2 мың унция). Жалпы 2019 жылы Шығыс өңір мен Бозымшақта 40-45 мың унция көлеміндегі жылдық жоспарлы аралықтың жоғарғы шегіне жету жоспарланған.

2019 жылдың алты айындағы күмістің өндірісі - 930 мың унция (2018 жылдың бірінші жартысы: 1,08 млн унция). Бұл 1,8 млн унция көлеміндегі жылдық жоспарлы көрсеткішке сәйкес келеді.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «Екінші тоқсанда KAZ Minerals мыс өндірісін 11%-ға арттырып, кен байыту фабрикаларының техникалық дайындық деңгейінің артуы және Топтың кеніштеріндегі тиімді жұмыстың арқасында 78 мың тоннаға жеткізді.  Ақтоғай мыс өндірісіндегі рекордқа жетті – тоқсан көлемінде 37 мың тонна. Бозшакөлдегі каолин балшығы бар кендерді өңдейтін фабрика толық қарқынды жұмысын қайта бастады. Сөйтіп, KAZ Minerals-тың 2019 жылдағы 300 мың тонна жоспарлы көрсеткішіне жетуге жақсы мүмкіндігі бар».

1 1175

Пікірлер

com_ava
Қайрат Әкімбек
Кандай мыкты касып орын
Ответить

Другие статьи

Бозшакөлдің алтын дауысы

12 ақпанда Бозшакөлдің демалыс орталығында Ғашықтар күніне орай «Бозшакөлдің алтын дауысы» атты караоке-конкурс ұйымдастырылды. Бұл күні караоке залында ине шаншар жер болмады. Бұған конкурсқа деген қызығушылық па, әлде көктемнің жақындап...

1722
МЕТАЛДАР МЕН МҰНАЙДЫҢ 17 МАМЫРДАҒЫ БАҒАЛАРЫ

Шолушы Владислав Николаев металдар мен мұнайдың 2016 жылғы 19 сәуір мен 16 мамыр аралығындағы бағаларының кестесін жасады. 

1988
Металдар мен мұнайдың 29 желтоқсандағы бағалары

Шолушы Владислав Николаев 2016 жылғы 2-28 желтоқсан аралығындағы металдар мен мұнай бағаларының кестесін жасады.

1971

909
Металдар мен мұнайдың 20 сәуірдегі бағалары

Шолушы Владислав Николаев металдар мен мұнайдың 2016 жылғы 22 наурыз мен 19 сәуір аралығындағы бағаларының кестесін жасады. 

2082

Қазір талқыланып жатыр

Татьяна Маер

Какая прикольная обувка у вас?)))

Татьяна Маер

Впечатления незабываемые! Эмоции только положительные! И самое главное, данное мероприятие мотивирует персонал ориентироваться и жить со всеми пятью ценностями Компании! Безопасность на работе и вне, дабы быть здоровыми и сильными, соблюдать режим и...

Қайрат Әкімбек

Осы жумыска калай орналасуга болады

Қайрат Әкімбек

Кандай мыкты касып орын

15.11.2019

Ұлттық валюта күні

1.12.2019

ҚР Тұңғыш Президенті күні

Демалыс күндер: 1 - 2
16.12.2019

Тәуелсіздік күні

Демалыс күндер: 16 - 19
1.01.2020

Жаңа жыл

Демалыс күндер: 1 - 2
7.01.2020

Рождество

Демалыс күндер: 7 - 8
8.03.2020

Халықаралық әйелдер күні

Демалыс күндер: 8 - 10