Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

Бозшакөлде екінші кен байыту фабрика іске қосылды

KAZ Minerals Тобы каолин балшығы бар кендері өңдейтін фабрикадағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске-қосу және реттеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысындағы жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған телекөпірде компанияның Басқарма төрағасы Олег Новачук мәлімдеді.

2015 жылдың желтоқсан айында Бозшакөл КБК-ның жылына 25 млн тонна сульфидті кендерді өңдеуге қуаты жететін байыту фабрикасында іске қосу және реттеу жұмыстары басталған еді. 2016 жылдың ақпан айында мұнда алғашқы мыс концентраты өндірілді. Ал өңдеу қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайтын жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жалпы жылдық өңдеу көлемі 30 млн тонна кенге жетеді. Жаңа фабрикада каолин балшығы бар кеннен тауарлы мыс концентратын өндіру 2016 жылы басталады деп көзделіп отыр. 

Каолин балшығы бар кендер толығымен өңделгеннен кейін (12 жыл) кәсіпорын сульфидті кен байыту фабрикасы болып қайта жарақталады.

Кеңестік кезеңде Бозшакөлдегі кен қазу жұмыстары мұндағы құрамында сазы жоғары кеннің көп болуынан қиындаған. Каолин балшығы бар кендерді өңдейтін технологиялар жоқ еді. Технологиялардың дамуы арқасында бозшакөлдік қорларды өңдеуге қол жетті. Жұмыс істеп тұрған сульфидті кен өңдейтін байыту фабрикасын есепке алсақ, Бозшакөл кешені біртіндеп жылына (алғашқы 10 жылда) 100 мың тонна катод эквивалентіндегі мыс өндіру көлеміне жетеді. 

2016 жылдың соңына дейін Бозшакөлде катод эквивалентіндегі 45-55 мың тонна мыс және құйма эквивалентіндегі 50-60 мың унция алтын өндіріледі деп жоспарланған.

Бозшакөлде 1500 жуық адам жұмыс істейтін болады. Яғни, кешеннің өнімділігі Қазақстанның қолданыстағы мыс өндіретін кәсіпорындарынан 15 есе жоғары.

Кен орынды пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Мен жаңа кен байыту фабрикасының жұмысы бастау алғанын қуана хабарлаймын. Бозшакөл КБК-гі құрылыс жұмыстары аяқталып қалды.  Ендігі мақсатымыз өндіріс қуатын жылына катод эквивалентіндегі 100 мың тоннаға жеткізу. Осылайша компания өзінің стратегиялық мақсаты – 80% кенді шығыны аз, ашық типтегі карьерлерде өндіретін ұзақ мерзімді өндіруші болуға жақындады».

0 2869

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Татьяна Маер

Какая прикольная обувка у вас?)))

Татьяна Маер

Впечатления незабываемые! Эмоции только положительные! И самое главное, данное мероприятие мотивирует персонал ориентироваться и жить со всеми пятью ценностями Компании! Безопасность на работе и вне, дабы быть здоровыми и сильными, соблюдать режим и...

Қайрат Әкімбек

Осы жумыска калай орналасуга болады

Қайрат Әкімбек

Кандай мыкты касып орын

16.12.2019

Тәуелсіздік күні

Демалыс күндер: 16 - 17
1.01.2020

Жаңа жыл

Демалыс күндер: 1 - 3
7.01.2020

Рождество

Демалыс күндер: 7
8.03.2020

Халықаралық әйелдер күні

Демалыс күндер: 8 - 9
22.03.2020

Наурыз мейрамы

Демалыс күндер: 21 - 25
12.04.2020

Ғылым қызметкерлерінің күні