Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

Дер кезінде келген көмек

20 маусым Орлов шахтасының №3 жерасты өндірістік учаскесінде жұмыс істейтін жарушы үшін екінші туған күніндей болатын сияқты. Бекзат Әубәкіров шахтада жамбас сүйегін сындырып алды. Алғашқылардың бірі болып оған «KAZ Minerals Service» ЖШС Жезкент алаңының жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсету жөніндегі слесарі Виктор Юрченко мен «НВК-Прогресс» ЖШС-нің электрслесарі Сергей Кузнецов көмекке келді.

«Бұл күн әдеттегідей өтіп жатты. Ауысымға келіп, наряд-тапсырмамды алып, нұсқаулықтан өттім. Өзіміздің учаскемізге түсіп, тапсырыстарды орындауға кірістік. Ауысым аяқталуға жақын қалғанда үшінші учаскенің жөндеу орнында жүріп, кенжардан зардап шеккен жігітті алып шыққанын көрдім. Мен жағдайды саралап, жарақат орнын анықтауға тырыстым. Таңғыш салу керектігін бірден түсіндім. «KAZ Minerals Service» ЖШС-де жұмыс істейтін әріптесім екеуіміз жақын жерде тұрған ұзын орындықты сындыра бастадық. Оның өлшемі бізге керегіндей болды. Содан кейін үйренгеніміздей таңғышты тарттық. Негізі алғашқы медициналық көмекті көрсетудегі білімдерімді іс-жүзінде бірінші рет қолданып көрдім, – дейді Сергей Кузнецов. – Жасыратыны жоқ, кейде қауіпсіздік техникасы саласында бізге қойылатын талаптарға, жүйелі тексеріс сынақтарына, ҚТ және ӨҚ бойынша емтихандарға, алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі лекцияларға қатысты ренжіп, күңкілдейтініміз бар. Алайда, бұның бәрі бекер жасалмайтыны рас. Әрине, мұндай жағдайлардың аз, тіпті, мүлдем болмағаны жақсы ғой. Дегенмен алғашқы медициналық көмек көрсете білгеніміз жақсы. Барлығымыз аман-есен болайықшы».

Жарақаттанған аяқты дұрыс бекітудің арқасында қызметкерлер зардап шеккеннің ауырсыну синдромын айтарлықтай азайтқан.

«Виктор Юрченко және Сергей Кузнецов қажетті шараларды өте дұрыс атқарғанын атап өткіміз келеді. Олар іс-жүзінде алғашқы медициналық көмек көрсету білімдерін көрсете білді және төтенше жағдайда дағдыларын пайдаланды», – дейді Анар Теңізбаева, Орлов ӨК денсаулық сақтау пунктінің меңгерішісі.

Бүгінгі күні Бекзат Әубәкіров үйінде, отбасының жанында. Сауығып келеді. Қазір өзі тұрып, пәтердің ішінде балдақпен қозғалып жүр.

«Жерастында жұмыс істеп жүргеніме 15 жылдан асты. Өзімнің кәсіби ішкі түйсігіме сенімді едім. Ал жағдай осылай болып қалды... Қауіп-қатер болатынын ойлаған да жоқпын. Күтпеген жерден орын алды. Аяғым сынғанын түсінбей қалдым. Тұрайын деп әрекеттеніп едім, болмады. Содан кейін қауіпті аймақтан әрірек еңбектеп кеттім. Содан кейін бірге істейтін жігіттер мені байқап, жөндеу камерасына қарай алып келді. Ол жерде Сергей мен Виктор мені қабылдап алды. Ал менің звеномдағы жігіттер жұмыс орнына қайтты. Себебі, өндірістік жоспарды орындау керек қой. Мердігерлік компаниядағы әріптестер мені қолдарына алып, екі жүз метрдей көтеріп апарды. Бейне бір соғыстағыдай. Мен де осылай жасайтын едім деп ойлаймын. Шахтер-бауырлар осындай. Біз ешкімді тастамаймыз. Сергей мен Виктор мені бір минутқа да қалдырмады, жарақаттанған аяғымды таңып, ауруханаға жеткенше көмектесті. Оларға алғысым шексіз. Оларға және барлық әріптестеріме қауіпсіз жұмыс тілегім келеді. Әрдайым мұқият болыңыздар. Үйде туған-туыстарыңыз күтіп отырғанын ұмытпағайсыздар», – дейді Бекзат.

Басшылық құтқарушыларды сыйақымен марапаттады.

Татьяна Маер, ОӨК

0 1657

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Азат Нуримов

здравствуйте я бывший сотрудник компаний,хотел узнать могут ли меня рекомендовать мои бывшие коллеги или начальник, я уволился по собственному желанию?

Наталья Ярных

Молодцы!!!!!

Евгений Совельев

Мило.

Евгений Совельев

При просмотре через Internet Explorer нет звука, хотя на компьютере и впроигрывателе звук выкручен наполную

20.08.2019

Спорт күні

26.08.2019

Шахтер күні

30.08.2019

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Демалыс күндер: 30 - 1
1.09.2019

Білім күні

3.09.2019

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні

10.09.2019

Отбасы күні