Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

KAZ MINERALS ТОБЫ 2018 ЖЫЛДАҒЫ ІС-ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

KAZ Minerals Тобы 2018 жылдағы өндірістік іс-қызметінің нәтижелерін және аудиттан өткен қаржылық нәтижелерді жариялады.

2018 жылы Топтың жалпы табысы $2,162 млрд жетті (2017: $1,938 млрд). Есептік кезеңде 296 мың тонна мыс өткізілді (2017: 256 мың тонна). Негізінен бұл Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін байыту фабрикасының (БФ) жоғары өткізу мүмкіндігіне байланысты болды. Жалпы EBITDA 6%-ға артып, 2018 жылы $1,310 млрд құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылы $1,235 млрд еді. Операциялық пайда 19%-ға өсіп, $851 млн жетті (2017: $715 млн).

Өндірістік нәтижелер

Бұған дейін хабарланғандай, 2018 жылы KAZ Minerals Тобы 294,7 мың тонна мыс өндірді. Бұл оған дейінгі жылмен салыстырғанда 14%-ға артық (2017: 259 мың тонна). Аталған көрсеткіш 270-300 мың тонна көлеміндегі жылдық жоспарлы аралықтың жоғарғы шегіне сәйкес келеді. Мыс өндірісінің артуы негізінен Ақтоғай КБК-дегі жоғарғы жетістіктердің арқасында орын алды.

Мыстың 79% жақында іске қосылған ашық типтегі кеіштерде өндірілді.

Павлодар облысындағы Бозшакөлде 102 мың тонна мыс өндірілді (2017: 101 мың тонна). ШҚО-ндағы Ақтоғай КБК-нің кәсіпорындарында - 131 мың тонна мыс (2017: 90 мың тонна). Оған сульфидті кеннен өндірілген 105 мың тонна мыс (2017: 65 мың тонна) және оксидті кеннен өндірілген 26 мың тонна катодты мыс (2017: 25 мың тонна) кіреді. Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК 62 мың тонна мыс (2017: 67 мың тонна) өндірді.

2018 жылы KAZ Minerals Тобы 50 мың тонна концентраттағы мырыш (2017: 58 мың тонна), 183 мың унция алтын2 (2017: 179 мың унция) және 3,511 млн унция күміс2 (2017:3,506 млн унция) өндірді.

Қаржылық нәтижелер

Топ бойынша 2018 жылы өткізуден түскен жалпы табыс $2,162 млрд құрады. Бұл өткен жылмен ($1,938 млрд) салыстырғанда 12% артық. Бұған өндіріс көлемінің артуы және мыс бағасының қымбаттауы әсер етті. Лондон металдар биржасында 2018 жыл мыстың орташа бағасы бір тоннасы үшін $6 526 болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6%-ға қымбат. Дегенмен жыл бойында өзгерістер орын алғаны белгілі: маусым айында төрт жыл ішіндегі ең жоғары баға, яғни бір тонна $7 263 болса, қыркүйекте $5 823 деңгейіндегі ең төменгі көрсеткішке түскен

Топтың жалпы EBITDA-і $1,310 млрд жетіп, 6%-ға өсті. Бұл негізінен Ақтоғай сульфидті кен БФ-ндағы өндіріс көлемінің артуының арқасында орын алған жалпы табыстың өсуінің арқасында орын алды. Сонымен қатар бұл жағдай Шығыс өңір мен Бозымшақтағы өндірістің бәсеңдеуінің орнын біршама толтырды. Топ жалпы EBITDA-нің маржасы 2017 жылдағы 64%-дан 2018 жылдағы 61% деңгейіне дейін төмендеді. Оған Шығыс өңір мен Бозымшақта 2018 жылы өндірістің данасына жұмсалатын шығындардың артуы әсер етті.

2018 жылы операциялық табыс 19%-ға артып, $851 млн жетті (2017: $715 млн). Негізінен бұған Ақтоғайдағы сульфидті кен БФ-нан өткізілетін көлемнің артуы ықпал етті.

Еркін ақша ағыны 29%-ға өсіп, $585 млн (2017: $452 млн) құрады, ал операциялық іс-қызметтен түскен таза ақшалай қаражат $673 млн дейін төмендеді. 2017 жылы бұл көрсеткіш $232 млн көлеміндегі ұзақ мерзімді ҚҚС бойынша таза түсімдердің арқасында жоғары ($752 млн) болды.

Топтың акционерлерге қатысты таза табысы 2018 жылы $510 млн құрады (2017: $447 млн). Таза табыстың артуынан кейін 2018 жылы негізгі пайда $530 млн (2017: $476 млн) дейін өсті.

Акцияға шаққандағы қарапайым табыс $1,14 (2017: $1,00) құрады. 2018 жылы акцияға шаққанда негізгі пайдаға негізделген табыс $1,07-дан (2017 жыл) $1,18-ға дейін артты.

Топтың жалпы ақшалай өзіндік құны 2018 жылы 4%-ға артып, 144 АҚШ центі/фунтқа (2017: 138 АҚШ центі/фунт) жетті. Негізінен бұл Шығыс өңірдегі жоғары көрсеткішке байланысты болып отыр. Топтың таза ақшалай өзіндік құны 2018 жылы 85 АҚШ центі/фунтты құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 66 АҚШ центі/фунт болған. Бұған күтілгендей, Ақтоғай БФ-ның өндіріс үлесінің артуы себеп болды. Мұнда ілеспе өнімнің өндірісі барынша аз. Дегенмен, KAZ Minerals Тобы әлемдегі мыс өндіруші компаниялар арасында ең төменгі ақшалай таза өзіндік құнның бірін көрсетіп отыр.

KAZ Minerals-тың таза берешегі 2018 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, $1,986 млрд дейін азайды (2017 жылдың соңы: $2,056 млрд). Себебі 2018 жылы операциялық іс-қызметтен түскен ақша ағынының артуы Ақтоғайдың бастапқы жобасына қатысты шегерілген $281 млн көлеміндегі күрделі шығындар мен Ақтоғайды кеңейту жобасына салынған $204 млн инвестиялардың орнын толтырды.

Жалпы берешек 2018 жылдың соңындағы мәліметке сәйкес $3,453 млн дейін азайды (2017: $3,877 млн). Себебі Топ келісілген кестелерге сәйкес өзінің қарыздық міндеттемелерін өтеуді жалғастырды. Таза қарыздың EBITDA-ға қатысты еселенген саны ретінде өлшенетін компания капиталының қарыз қаражатқа деген ара қатынасы 2017 жылдың соңындағы 1,7-ден 1,5-ға дейін қысқарды.

2018 жылдың қазан айында Топ Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларын табысты іске асырғандықтан жалпы сомасы $27 млн болатын бір акцияға 6,0 АҚШ центі көлемінде аралық дивиденттерді төледі. Топтың 2018 жылдағы іс-қызметінің жоғарғы көрсеткіштерін ескере отырып, Директорлар кеңесі 2018 жылдың толық дивиденттерін бір акцияға 6,0 АҚШ центі көлемінде төлеуді ұсынады. Бұл $28 млн-ға сәйкес келеді. Сөйтіп, аралық дивиденттерді қоссақ, 2018 жылдағы дивиденттердің көлемі бір қарапайым акцияға 12,0 АҚШ центін құрайды.

Күрделі шығындар – 2019

Шығыс өңір мен Бозымшақта 2019 жылы өндірісті қолдауға жұмсалатын шығындардың көлемі $50 млн болады деп жоспарланған. 2018 жылы Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өндірісті қолдауға жұмсалған қаражат көлемі жоспары $65 млн-дың $44 млн құрады. Қалған шамамен $20 млн 2019 жылға ауыстырылды. Сөйтіп, Бозшакөл мен Ақтоғайдағы жоспарланған шығындар 2019 жылы әр кен орында $50 млн болады деп жоспарланған.

Баимская мыс жобасын есептемегенде 2019 жылы өндірісті кеңейтуге арналған шығындарға Ақтоғай КБК кеңейтуге арналған $400 млн, Артемьев кенішінің екінші кезегін игеруге арналған $70 млн және Көксай кен орынына NFC компаниясы инвестициялаған $70 млн-дың Көксайдағы зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шамамен $20 млн кіреді. 2019 жылдың басында Бозшакөлде мердігерге кепілді, ұсталатын шамамен $40 млн көлеміндегі соңғы төлем жасалса, жыл бойында Ақтоғайға негізінен үймелі сілтісіздендіру панельдерінің екінші кезегін аяқтауға $70 млн жұмсалады.

2019 жылдың қаңтар айында Баимская лицензиялы алаңын сатып алуға байланысты Топ $386 млн көлемінде ақшалай қаражат төледі. Сонымен қатар жыл бойында тағы $50 млн төлеу жоспарланған. Бұл Баимская лицензия алаңының заңды иесі болып табылатын кәсіпорын тарапынан кепілді келісімді жасауға дейінгі ұсталған сома. Баимская жобасы аясындағы кеңейту шығындары негізінен банктік техника-экономикалық негіздемені аяқтауға байланысты болады және шамалай болжамға сәйкес 2019 жылы $70 млн құрайды. Жобаның инфрақұрылымына арналған алғашқы шығындар биылғы жылы, бірақ сәл кешірек қарастырылуы мүмкін. Баимская жобасының күрделі шығындарының көлемі басқа жобалық көрсеткіштермен бірге 2020 жылдың бірінші жартысында банктік ТЭН жобасы аяқталғанда ұсынылады.

Ақтоғайды кеңейту жобасы

Директорлар кеңесі 2017 жылдың желтоқсан айында мақұлдаған Ақтоғай КБК кеңейту жобасы 2021 жылдың соңына таяу қосымша байыту фабрикасы мен үгіту құрылғысын салу арқылы сульфидті кендерді өңдеу қуатын екі еселейді деп жоспарланған. Бұл жобаның қауіп-қатері салысырмалы түрде аз және қолданыстағы кеніштің жағдайында іске асырылып, жақын болашақта мыс өндірісінің артуын қамтамасыз етеді. Ақтоғай ІІ алғашқы өнімін 2021 жылы өндіреді деп күтіліп отыр. Өндіріс көлемі 2022-2027 жылдар аралығында жылына 80 мың тоннаны, ал қалған уақытта жылына 60 мың тоннаны құрайды.

2018 жылы Топ жеткізушілермен негізгі бірқатар ұзақ мерзімді мәселер бойынша бағаларды бекітіп, жерді дайындау жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл 2019 жылы басталатын негізгі құрылыс кезеңіне дайындық болып табылады. Осы сияқты нысандарды салудағы тәжірибесі Топқа жобаның негізгі бөлігін өз күшімен және сенімді жергілкті және халықаралық мердігерлермен тығыз серіктестік негізінде іске асыруға мүмкіндік береді.

Баимская

Баимская лицензиялы алаңына кіретін Песчанка кен орыны – бұл Ресей Федерациясының Чукот автономиялы округінде орналасқан ірі мыс-профир кен орыны. KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесі Баимская жобасын сатып алуды 2018 жылдың тамыз айында мақұлдады. Мәміленің сомасы – $900 млн, оның ішінде алғашқы ақшалай қаражат түріндегі $436 млн және компанияның 22,3 млн акциясы бар. Мәміленің алғашқы кезеңі реттеуші келісімдер мен басқа шарттар орындалғаннан кейін 2019 жылғы 22 қаңтарда аяқталды.

KAZ Minerals кен орынның ТЭН-сін жасауға Fluor компаниясын тағайындады. Нәтижелер 2020 жылдың бірінші жартысында жария етіледі деп жоспарланған.

Жоспарлы көрсеткішер - 2019

2019 жылы Бозшакөлде 105-115 мың тонна мыс, Ақтоғайда – 130-140 мың тонна (оның ішінде 25 мың тонна оксидті кеннен өндірілген катодты мыс) мыс, Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Бозымшақ КБК-де – шамамен 55 мың тонна мыс өндіру жоспарланған. Сөйтіп, мыс өндірісінің 2019 жылдағы жоспары шамамен 300 мың тоннаны құрамақ.

2019 жылы алтынның өндірісі 170-185 мың унция болмақ. Мұнда Бозшакөлдегі өткізу мүмкіндігінің анағұрлым жоғары болуы алтын үлесінің төмендеуінің орнын толтырады. Күміс өндірісінің жоспарлы көлемі – шамамен 3 млн унция, концентраттағы мырыш – шамамен 50 мың тонна.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «2018 жылы KAZ Minerals мыс өндірісін 14%-ға арттырып, таза ақшалай өзіндік құнды бар болғаны 85 АҚШ цент/фунтқа жеткізді. Бұл Топтың саладағы қаржылай шығындар жаһандық қисығының бірінші квартилінде қалуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біз жоғары өсім стратегиясын іске асыруда ілгеріледік – Ақтоғайды кеңейту жобасын бойынша жұмыстарды бастап, Ресейдегі әлемдік деңгейдегі жаңа Баимская жобасын сатып алдық. Өзін жақсы көрсете білген активтер базамыз тұрақты ақша ағындарын көрсетіп отыр. Бұл Топқа жақын әрі ұзақ мерзімді болашақта мыс өндірісін айтарлықтай арттыруға инвестиция салуға мүмкіндік береді. Оған құнды арттыратын жаңа кен орынды игеру мен қолданыстағы кеніштің аясында жаңа жобаны салу арқылы қол жетеді. Жыл бойындағы мыстың бағасына қатысты болжамдар жағымды болып отыр. Себебі қазір қолданыстағы кеніштердегі ұсыныс азайып, дәстүрлі және жаңа нарықтардағы сұраныс артады деп болжанып отыр».

0 1168

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Наталья Ярных

Молодцы!!!!!

Евгений Совельев

Мило.

Евгений Совельев

При просмотре через Internet Explorer нет звука, хотя на компьютере и впроигрывателе звук выкручен наполную

Махсат Жолымбетов

Спасибо организаторам, классный ролик

31.05.2019

Құрбан айт

Демалыс күндер: 31 - 1
5.06.2019

Эколог күні

18.06.2019

Медицина қызметкерінің күні

6.07.2019

Астана күні

Демалыс күндер: 6
15.07.2019

Металлург пен кен байытушы күні

20.08.2019

Спорт күні