Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

15 cәуірдегі металдар нарығы

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы бағасы $4838,0-дан $4830,5-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 146,4 мың тоннадан  146,5 тоннаға дейін азайды. 

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы 2015 жылдың қараша айындағы орташа бағасы тоннасына - $4818,8, желтоқсан айында - $4629,0, 2016 жылдың қаңтар айында - $4462,7, ақпанда - $4595,4, наурызда $4947,5, ал орта есеппен сәуір айының өткен күндерінде $4764,5 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннаға $4777,4-дан $4786,2-ға дейін қымбаттады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннаға $5682,6-дан $5662,0-ға дейін арзандады.

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауымен өткен аптадағы мыс қорлары 368,7 мың  тоннадан 360,5 мың тоннаға дейін азайды.

Ресми биржадағы мыстың баға белгілеуі 14 сәуірде Лондон мен Шанхайда төмендеп, Нью-Йоркте жоғарылады. Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпараттық көздердің хабарлауынша  мыс бойынша сауда-саттық негізінен бағаның төмендеуімен аяқталды.

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон металл биржасы (LME) саудасының соңғы күндеріндегі мәліметке қарасақ, төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы $1848,0-дан $1867,0-ға дейін қымбаттады.

LME жүргізетін мониторингте қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 420,4 мың тоннадан 418,5 мың тоннаға дейін азайды.

LME кестесінде 2015 жылдың қараша айында мырышқа орташа баға тоннасына – $1582,2, желтоқсанда – $1522,1, 2016 жылдың қаңтарында  – $1512,2, ақпанда  – $1710,8, наурызда - $1804,6, ал орта есеппен сәуір айының өткен күндерінде $1802,9 құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньмен көрсеткенде, тоннасына $2256,9-дан $2290,1-ға дейін қымбаттады.

Шанхай биржасы жүргізетін мониторингте қоймадағы мырыш қоры 274,3 мың тоннадан 270,7 мың тоннаға дейін азайды.

Мырыштың ресми биржалық баға келісімі  14 сәуірде Лондон  мен Шанхайда жоғарылады. Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарламаларына сүйенсек, соңғы биржа саудаларында мырыш бағасының өсімімен аяқталды.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон спот нарығында алтынға кешкілік фиксинг құны (PMFixing) соңғы сауда күндерінде унциясына $1245,7-дан $1233,8-ға дейін төмендеп, күміс $15,98-дан $16,13-ға дейін қымбаттады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1246,8-дан $1225,0-ға дейін, ал күміс $16,22-дан $16,18-ға дейін арзандады.

14 сәуірде алтынның бағасы Лондон мен Нью-Йоркте арзандады, ал күмістің бағасы әртүрлі болды.

0 2243

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Қайрат Әкімбек

Осы жумыска калай орналасуга болады

Қайрат Әкімбек

Кандай мыкты касып орын

Азат Нуримов

Здравствуйте я бывший работник Актогайского ГОК уволился по собственномужеланию в2018г .хотел бы устроится обратно если это возможно.работал слесарем по ремонту и обслуживанию оборудования на участке по ремонту и обсуживанию самоходного оборудования....

Евгений Совельев

Очень благородный поступок!

19.10.2019

Құтқарушы күні

15.11.2019

Ұлттық валюта күні

1.12.2019

ҚР Тұңғыш Президенті күні

Демалыс күндер: 1 - 2
16.12.2019

Тәуелсіздік күні

Демалыс күндер: 16 - 19
1.01.2020

Жаңа жыл

Демалыс күндер: 1 - 2
7.01.2020

Рождество

Демалыс күндер: 7 - 8