Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

26 шілдедегі металдар нарығы

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы $4956,0-дан $4920,0-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 222,7 мың тоннадан 221,32 мың тоннаға дейін азайды.

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға орташа бағасы 2016 жылдың қаңтар айында $4462,7, ақпанда - $4595,4, наурызда - $4947,5, сәуірде -  $4851,1, мамырда -  $4708,3, маусымда - $4630,6, шілденің өткен күндерінде $4854,4 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннаға $4925,1-дан $4885,4-ға дейін арзандады. 

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $5830,8-дан $5722,2-ға дейін арзандады.

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауымен өткен аптадағы мыс қорлары 177,1 мың тоннадан 174,9 мың тоннаға дейін азайды.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 25 шілдеде мыс бойынша сауда-саттық Лондон мен Шанхайда негізінен бағаның төмендеуімен аяқталды. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон металл биржасы (LME) саудасының соңғы күндеріндегі мәліметке қарасақ, төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы $2263,0-дан $2254,5-ға дейін арзандады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 436,9 мың тоннадан 436,8  мың тоннаға дейін азайды. 

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың қаңтарында  $1512,2, ақпанда  – $1710,8, наурызда - $1804,6, сәуірде - $1851,5, мамырда - $1871,2, маусымда - $2023,0, шілденің өткен күндерінде $2178,5  құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $2594,3-дан $2590,2-ға дейін қымбаттады.

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін  қоймадағы мырыш қоры 202,8 мың тоннадан 211,1 мың тоннаға дейін артты.

Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарламаларына сүйенсек, 25 шілдеде биржа саудалары Лондон мен Шанхайда арзандады.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон спот нарығында (London Fixing) алтынға кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1320,75-дан $1313,5-ға дейін, күміс $19,70-дан $19,41-ға дейін арзандады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1323,1-дан $1319,3-ға дейін, күміс $19,65-дан $19,61-ға дейін арзандады.

25 шілдеде Лондон мен Нью-Йоркте алтын мен күміс арзандады.

0 2320

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Татьяна Маер

Какая прикольная обувка у вас?)))

Татьяна Маер

Впечатления незабываемые! Эмоции только положительные! И самое главное, данное мероприятие мотивирует персонал ориентироваться и жить со всеми пятью ценностями Компании! Безопасность на работе и вне, дабы быть здоровыми и сильными, соблюдать режим и...

Қайрат Әкімбек

Осы жумыска калай орналасуга болады

Қайрат Әкімбек

Кандай мыкты касып орын

8.03.2020

Халықаралық әйелдер күні

Демалыс күндер: 8 - 9
22.03.2020

Наурыз мейрамы

Демалыс күндер: 21 - 25
12.04.2020

Ғылым қызметкерлерінің күні

7.05.2020

Отан қорғаушы күні

5.06.2020

Эколог күні