Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

Жеңіл буларыңызбен!

Ертіс шахтасының қызметкерлері жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешені құрылысының аяқталуын асыға күтті. Сөйтіп, 2016 жылдың тамыз айында 600 адамға арналған жаңа ғимарат салтанатты жағдайда ашылды. Алайда "бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" демекші кезекті ауысымнан кейін ыстық монша жылына алмайтын болып шықты. Себебі, ғимараттың жобасында монша ескерілмепті. 

Бұл туралы шахты қызметкерлері кәсіпорын басшысына айтан екен. Бұл мәселені егдей-тегжейлі қарастырып, маңызды жәйттің шешімін табу Ертіс ӨК-нің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөліміне тапсырылды. Сөйтіп, 2016 жылдың соңында мердігерлер 20 күн ішінде моншаларды салып үлгеріп, қаңтар айында 3 монша (ерлерге арналған екі және әйелдерге арналған бір) пайдалануға берілді. 

«Ауысым бойы ылғалды, тіпті, кейде кір жерде жұмыс істейтін шахтерлар үшін монша жылыну өте қажет дүние. Кешен басшылығы айтақынымызды жерде қалдырмай, қажетті шараларды ұйымдастырғаны өте жақсы болды. Енді шахтерлар бір-біріне "Жеңіл буыңмен!" деп айта алады, - дейді Бақытбек Ниязбеков, Ертіс шахтасының үңгушісі.

Қызметкерлер моншаларды пайдалана бастады. Алайда кейде немқұрайлы қарап, қауіпсіздік техникасын бұрмайлайтын кездер де болады. Ертіс шахтасының ӘТК-нің меңгерушісі Татьяна Игнатова атап өткендей кейде қызметкерлер температураны реттеу құралдарын өздері қосып жатады немесе электр пештерге су құяды. Бұл қауіпсіздік нормаларына сай емес әрекеттер. Басшылық мүліктерге мұқият болуды сұрайды.   

 

Жанна Мұзапарова

Алтайский кенті

0 1924

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Наталья Ярных

Молодцы!!!!!

Евгений Совельев

Мило.

Евгений Совельев

При просмотре через Internet Explorer нет звука, хотя на компьютере и впроигрывателе звук выкручен наполную

Махсат Жолымбетов

Спасибо организаторам, классный ролик

31.05.2019

Құрбан айт

Демалыс күндер: 31 - 1
5.06.2019

Эколог күні

18.06.2019

Медицина қызметкерінің күні

6.07.2019

Астана күні

Демалыс күндер: 6
15.07.2019

Металлург пен кен байытушы күні

20.08.2019

Спорт күні