Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

Әрдайым дайынмын

KAZ Minerals Тобында «Кадрлық резерв» бағдарламасының іске қосылғанына бір жылдан асты. Оның мәні  – басшылық лауазымдарға компанияда жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді дайындап, жетілдіру. Егер 272 лауазымды орынның біреуі бос болса, резервтегі мамандардың бірі бұл қызметке тағайындалуы мүмкін.

«Кадрлық резерв бағдарламасы алдымен Ақтоғай мен Бозшакөлде бастау алды. Бұл кәсіпорындарда бұл бағдарлама бір жарым жыл жұмыс істеп тұр. Өркендеу жобалары үшін аталмыш бағдарламаның маңыздылығы ерекше. Себебі осы арқылы шетелдік мамандардың білім-тәжірибесін жергілікті қызметкерлерге беруге болады. Топ құрамындағы басқа компаниялар да осы қағидаттың негізінде резервтегі мамандарды дайындай бастады. Қазірдің өзінде біз бұл әдістің жағымды нәтижелерін көріп отырмыз – біздің резервтегі 32 маман негізгі лауазымдарға тағайындалды», – дейді Оксана Омельченко, Топтың оқыту және дамыту бөлімінің басшысы.

Топтың қызметкерлері  квалификациялық талаптары негізгі лауазымға сәйкес келсе, компанияда кем деген 6 ай жұмыс істесе және іс-қызметінің соңғы 6 айында тәртіптік жазаға тартылмаса, резервтегі мамандар қатарына қосыла алады.

Жалпы бағдарлама бірнеше кезеңдерден құралған. Айталық, негізгі лауазымдарды анықтау, резервке үміткерлерді бағалау, әрбір резервистке арнап жекелей дамыту жоспарын құру және ілгерілеуді қадағалау. Дамыту жоспарын сапалы орындау бағдарлама қатысушыларына қажетті тәжірибе жинақтап, өзінің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Топтың резервтегі мамандары арнайы оқыту бағдарламаларына қатыса алады, ал корпоративтік жобаларға атсалысу оларға кәсіби дағдылары мен машықтарының деңгейін көтеруге көмектеседі.

Қызметкерлердің еңбегі  мен жетістіктерін тану бағдарламасы «Кәсіби даму» санатының аясында резервтегі үздік мамандарды ынталандырып, оларды мыс белгішелермен марапаттауды көздейді. Кадрлық резерв бағдарламасы аясында ұйымдастырушылар жылына бір рет «Үздік тәлімгер» мен «Резервтегі үздік маман» конкурстары мен номинацияларын өткізуді жоспарлап отыр. Жеңімпаздарға төрт мыс белгішеге дейінгі марапаттар тапсырылуы мүмкін. Кадрлық резерв аясындағы бүкіл бағдарламаны сәтті аяқтау әрбір қызметкерге бір-бір мыс белгіше алып келеді.

Қазіргі уақытта Топта резервтегі 207 қызметкер бар.

Жанаргүл Қараулова, өндірістік зертхана бастығының орынбасары (Ақтоғай)

«Химик-лаборанттың немесе инженердің мамандығы өте күрделі, сондықтан ол сирек мамандықтар қатарында. Еңбек нарығында білікті химикті табу оңай шаруа емес. Біздің кәсіпті таңдағанда кәсіби дағдылардың болғаны дұрыс әрине. Химияны жақсы көру керек. Реактивтермен, химиялық ыдыстармен және талдау жабдықтарымен жұмыс істегенде жұмыстың ерекшеліктерін жақсы түсіну керек. Химиялық процестегі әр кезеңнің барысында болатын химиялық реакцияларды, олардың не үшін қажет екенін түсініп, білу керек. Инженерлер мен лаборанттар жұмыстағы кейбір проблемаларды өз күшімен шешіп жатқанын көргенде, мұндағы тәлімгер ретінде менің де еңбегім бар екенін түсіну керемет.

Кадрлық резерв бағдарламасына қатыса отырып, мен өзімнің коммуникациялық дағдыларымды жақсарта алдым. Маған «Кәрі және жас уәзір» туралы аңыз өте әсер етті. Оны өзімнің инженерлеріме үнемі айтамын».

Наталья Хайсамова, зертхананың инженер-лаборанты (Ақтоғай)

«Кадрлық резерв бағдарламасының бар болғаны жақсы. Менің ойымша, болашаққа бағыт ұстаған компания үшін бұл нағыз тиімді тәсіл. Көп қызметкерлер үшін бұл кәсіби дамуға түрткі болып, жеке және мансап жолындағы ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға көмектесіп, ынталандырады. Осы бағдарлама аясында резервтегі әрбір қызметкер нақты жағдайда болашақта болуы мүмкін функцияларды орындауға тәжірибе мен білімдерін жинақтай алады. Сондай-ақ, «Резервтегі қызметкерлер клубын» құруға да болатын сияқты. Бұл клуб аясында қызметкерлер бір-бірімен кездесіп, тәжірибе алмасатын, бір-біріне көмек беретін еді. Мұндай кездесулердің де әсері жақсы болады».

Рустам Халитов, кенді бақылау аға геологы (Бозшакөл)

«Кадрлық резервті дамыту бағдарламасына қатысу қызметкерлердің міндеттерін кеңейте түседі: кеңірек ойлап, белсенді кәсіби даму туралы ойланасын. Тіпті түрлі лауазымдарға өзіңді қойып көресің: қай бағытта дамығың келетінін ойланасың. Өйткені тау-кен саласындағы мамандықтар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан ынта-жігерін болса, басқа мамандықты игеріп, біліктілікті арттыруға болады. Сонымен қоса TDC порталында өткен онлайн-оқыту барысындағы теориялық білімді және тәжірибені іс жүзінде қолдансақ, басқару дағдыларын да дамытуға болады».

Рустам Желоманов, Қызмет көрсету және жөндеу қызметі бастығының орынбасары (тотыққан кендерді байыту учаскесі) (Ақтоғай)

«Өз басым маңызды бірнеше жағдайды ескердім. Біріншіден, басшылықпен және шетелдік мамандармен көбірек араласу керек. Олардың тәжірибесі мен қажетті білімі бар. Осы сәтті пайдаланып, сол тәжірибені игеру керек. Екіншіден, барлық теориялық білімдерді іс жүзінде бекіту керек. Үшіншіден, үйреншікті естілгенмен, еңбекқорлық пен дамуға деген талпыныс шынымен жағымды нәтиже береді. «Кадрлық резерв» бағдарламасы осының жарқын көрінісі және дамуға барлық мүмкіндіктерді береді».

Виктор Кубрак, электр жабдықтарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету учаскесінің бастығы (Бозшакөл)

«Бағдарламаға қатыса бастағанда мен электржабдықтарын жөндеуді жоспарлау инженері болып жұмыс істеп жүргем және мені кеніштің электр жабдықтарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету учаскесінің бастығы лауазымына ұсынды. 2017 жылдың наурыз айында осы лауазымға тағайындалдым. Мен үшін «Талдау және шешім қабылдау модулі» қызықты болды. Осы модуль аясындағы материалдарды игеру барысында мен өзім қабылдайтын шешімдерге талдау жасадым. Сөйтіп, барынша дұрыс, әрі жан-жақты ойластырылған шешімдер қабылдауды үйрендім. Түсінгенім – маман ретінде даму үшін техникалық құзыретінді ғана дамыту аздық етеді. Команданы басқара білу, жұмысыңды жоспарлай білу, барынша тиімділікке алып келетін дағдыларды игеру керек».

 

0 1498

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Азат Нуримов

здравствуйте я бывший сотрудник компаний,хотел узнать могут ли меня рекомендовать мои бывшие коллеги или начальник, я уволился по собственному желанию?

Наталья Ярных

Молодцы!!!!!

Евгений Совельев

Мило.

Евгений Совельев

При просмотре через Internet Explorer нет звука, хотя на компьютере и впроигрывателе звук выкручен наполную

20.08.2019

Спорт күні

26.08.2019

Шахтер күні

30.08.2019

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Демалыс күндер: 30 - 1
1.09.2019

Білім күні

3.09.2019

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні

10.09.2019

Отбасы күні