Қызметкерлерге / Қызметкерлерге арналған жобалар

KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

Жетістіктерді тану белгісі

KAZ Minerals Тобында алғаш рет қызметкерлердің еңбегі мен жетістіктерін тану бірыңғай бағдарламасы енгізілуде.  Компанияның жұмыста, спортта немесе Топтың қоғамдық өмірінде ерекшеленген қызметкерлері арнайы мыс белгішелерге ие болады. Бес мыс белгішені жинаған қызметкер оны бір күміс белгішеге айырбастай алады. Ал үш күміс белгіше жинаған адам жыл сайынғы марапаттау рәсіміне шақырылып, оған алтын белгіше, KAZ Minerals Тобы басқарма төрағасының алғыс хаты және 500 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады. 

Жаңа бағдарлама KAZ Minerals-тың корпоративтік құндылықтарын қолдау мақсатында жасалып отыр. Биыл Астана қаласында өтетін марапаттау салтанатына ең көп мыс белгішелерін жинаған «Корпоративтік құндылықтар бойынша үздік қызметкерлер» шақырылады.

Оның мақсаты – қызметкерлерді ынталандыру және Топтағы іс-шараларға қатысу деңгейін көтеру, корпоративтік мәдениет деңгейін дамыту және арттыру. Бұл бағдарлама Топтың барлық қызметкерлеріне, олардың атқарған еңбегі мен жетістіктеріне бірдей таралады. Бағдарлама қызметкерлердің жетістіктерін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап есепке алады.

 

«Мұндай бағдарлама туралы идея корпоративтік құндылықтарды жасап, енгізгеннен кейін пайда болды. Қызметкерлердің жетістіктері мен еңбегін тану, елеп-ескеру – компанияның ашықтыққа (адалдық), қызметкерлердің өзара қатынасы мен жұмылуына (командалық жұмыс), кәсіби және жеке өсімге (кәсіби даму), өнімділікті арттыру және қарым-қатынастарды нығайтуға (ұзақ мерзімді тиімділік) және компаниядағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға жасалған тағы бір қадам, – дейді Людмила Ли, Топтың HR-жобалар жөніндегі аға маманы. – Біздің ойымызша қызметкерлердің еңбегін және жетістіктерін тану жариялы болуы тиіс. Сондықтан Топтың барлық қызметкерлеріне қатысты бірыңғай тану бағдарламасын жасауды ұйғардық».

Бағдарламада қызметкерлердің еңбегі аталып өтетін жетістіктердің бірнеше санаты қарастырылған. Айталық, корпоративтік құндылықтар, басшы таныған ерекше еңбек пен жетістіктер, өнертабыстық ұсыныстар, кәсіби шеберлік, оқыту және дамыту бағдарламалары, корпоративтік жобалар, ішкі және сыртқы спорттық, мәдени, зияткерлік, шығармашылық және басқа да байқаулар немесе жарыстар (қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық).

Еңбек сіңірген жылдар үшін арнайы белгіше де қарастырылған. Оған сәйкес KAZ Minerals құрылған кезең, яғни 2014 жылдан бастап 3, 5, 10, 15 жыл бойы және одан көп уақыт еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталады. Еңбек сіңірген үшін тапсырылған әрбір белгіше күміс белгішеге талас кезінде бір мыс белгішеге тең келеді. Биыл еңбек өтілі бар қызметкерлер «3 жыл» деген белгішеге қол жеткізеді.

Бағдарламаның шарттарына сәйкес, айталық, корпоративтік құндылықтар конкурсына қатысу қызметкерге бір мыс белгіше береді, ал жеңіске жету 3-тен 5 белгішеге дейін алып келеді. Не болмаса Топтың онлайн-жарыстарында жүлдегер атанған қызметкерлер сайыстың сыйлықтарынан басқа бір-бір мыс белгішеден алады. Белгішелерді табыстаудың санаттары мен талаптарының толық тізімін Қызметкерлердің еңбегі мен жетістіктерін тану бағдарламасы туралы Саясаттың қосымшасынан, арнайы дайындалған брошюрадан және kazminerals.info сайтынан таба аласыздар.

Бір айта кететін жәйт, белгішелердің жарамды мерзімі бар. Мәселен, мыс белгішелерінің мерзімі алған уақыттан бастап екі жыл. Яғни, осы уақыт аралығында күміс белгішеге айырбастап үлгеру үшін бес мыс белгішені жинау қажет. Күміс белгішелер үш жылға жарамды. Ал алтын белгішелердің мерзімі жоқ және ол қызметкерге мәңгілікке беріледі. Еңбек сіңірген жылдар үшін берілетін белгішелердің де мерзімі шексіз. Бірақ ол күміс белгішені алу барысында тек бір рет қана есептеледі.

«Бірлеулер алтын белгішені бір жылдың ішінде алып үлгеруі мүмкін. Ал кейбіреулер бұған үш немесе бес жыл жұмсайды. Барлығы қызметкердің өзіне және оның белсенділігіне байланысты. Сонымен қатар, өзін жақсы жағынан көрсеткен, қандай да бір жетістіктерге жеткен немесе ерекше қадамдарға барған белгілі бір қызметкерге белгішені табыстау туралы бастаманы оның әріптестері, яғни Топтың кез-келген қызметкері де көтеруі мүмкін. Біз әріптестерімізге Тану бағдарламасының шарттарымен мұқият танысуды ұсынамыз. Барлық туындаған сұрақтар бойынша жергілікті қызметкерлерді басқару қызметтеріне хабарласыңыздар», – дейді Людмила Ли. 

0 2671

Другие статьи

Қазір талқыланып жатыр

Азат Нуримов

Здравствуйте я бывший работник Актогайского ГОК уволился по собственномужеланию в2018г .хотел бы устроится обратно если это возможно.работал слесарем по ремонту и обслуживанию оборудования на участке по ремонту и обсуживанию самоходного оборудования....

Евгений Совельев

Очень благородный поступок!

Азат Нуримов

здравствуйте я бывший сотрудник компаний,хотел узнать могут ли меня рекомендовать мои бывшие коллеги или начальник, я уволился по собственному желанию?

Наталья Ярных

Молодцы!!!!!

24.09.2019

Еңбек күні

30.09.2019

Әділет органдары қызметкерлерінің күні

1.10.2019

Мұғалім күні

19.10.2019

Құтқарушы күні

15.11.2019

Ұлттық валюта күні

1.12.2019

ҚР Тұңғыш Президенті күні

Демалыс күндер: 1 - 2