KAZ Minerals Тобының қызметкерлеріне арналған сайтқа хош келдіңіздер! Аты айтып тұрғандай аталмыш сайттың негізгі оқырмандары - KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін барлық кәсіпорындар мен кеңселердің қызметкерлері. Дегенмен компаниямыздың іс-қызметіне қызығушылық танытқан барлық адамдарды көруге қуаныштымыз.
Әрбір оқырманнан kazminerals.info сайтының ережелерімен танысуға уақыт бөлуін өтінеміз.
- Сайтта өзге құқық иелеріне сілтеме жасалмай жарияланған барлық материалдардың (мәтіндер, бейне, фото және графика) авторлық құқығы kazminerals.info веб-сайтының редакциясына тиесілі.
- Міндетті түрде бірінші абзацта kazminerals.info сайты көрсетілсе, материалдарды өзге жерде жариялауға рұқсат етіледі.
- KAZ Minerals Тобында жұмыс істемейтін бөгде авторлардың материалдарына авторлық құқығы аталған авторларға немесе ресурстарға тиесілі. Олардың материалдарын пайдалану тәртібін тікелей құқық иесімен талқылаған жөн.
- Пікір қалдыру немесе сұрақ қою үшін міндетті тіркеуден өту қажет.
- Барлық пікірлер мен сұрақтар тексеруден кейін жарияланады. Редакция ҚР қолданыстағы заңнамасын және жалпы этикалық нормаларды бұзатын (намысқа тию, балағаттау), сондай-ақ жарнамалық сипаттағы және материалдың тақырыбына сәйкес келмейтін пікірлерді жарияламауға құқылы.
- Компанияның әрбір қызметкері сайттың авторы атана алады. Ол үшін ұсыныстарыңыз бен материалдарыңызды editor@kazminerals.info электронды мекенжайына жолдау қажет.
Редакция аталған Ережелерді біржақты түрде, кез келген уақытта өзгертуге құқылы. Барлық өзгерістер www.kazminerals.info жарияланады. Өзгерістер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.